Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен арнайы кездесіп, заңсыз құрылысқа жол берілмейтінін жеке өзі түсіндірді, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қазіргі таңда аталған ауыл аумағында ҚР Жер Кодексінің талаптарын бұзған 6 нысанның құрылыс жұмысы тоқтатылды.
Атап айтқанда, У. есімді азамат Қарабұлақ ауылы, Махмуд баба көшесі бойында орналасқан жерге ешқандай меншік құқығысыз мемлекеттік пайдалану актінсіз 12х11 ш.м жерге тұрғын үй құрылысын бастап, іргетасын құя бастаған.
Сондай-ақ, осыған ұқсас заңсыздықтар Көлкент — Ақсуабад тас жолы бойында, Ұшағаш бөлімшесінде, Махмуд баба көшесінде де орын алған.
Қазір аталған алты нысанда да құрылыс жұмыстары тоқтатылып, екі азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 136-бабы бойынша 75 АЕК көлемінде және тағы екі азаматқа аталған Кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Аудан аумағында заңсыз құрылыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында Сайрам аудандық жер қатынастар бөлімімен және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты жалғасын табады.
© DIDARBEK.kz