Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ СОҒЫС АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ СОҒЫС АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ

Жетісай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен көзі тірі бар-жоғы екі азамат қана қалған. Солардың бірі Нәлібай Мамадалиев пен Попков Пётр Кузмич. Мереке қарсаңында қос қарияның шаңырағына барып қайтқан аудандық ардагерлер мен әжелер алқасының төрайымы соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтап қайтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Алдымен құттықтаушы топ Нәлібай Мамадалиевтің  шаңырағына барды. 98 жастағы соғыс ардагері әлі күнге тың, ширақ екен. 10 ұл-қыздың әкесі, 30 астам немеренің атасы болып отырған Нәлібай ақсақал мерекемен құттықтап келген азаматтарға өз батасын берді.
Қазақ халқы қай уақытта болсада өздерінің батырларын, ерлерін мақтан еткен. Біз арамыздағы батырларымызбен мақтанамыз. Ол кісілерге ұзақ өмір, бақытты ғұмыр тілейміз.
Айта өтейік, ауданда бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан  көзі тірі екі ардагерден бөлек  Ұлы отан соғысына қатсыушыларға теңестірілген 593 ардагер бар. Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 1 млн. теңге қаражатты жеке есеп шоттарына аударған.
Әділхан Әбжанов – Жетісай аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы:
Арнайы Республикадан тапсырма келген. Оның үстіне наурыз айында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, қатысушыларына 1 млн. теңгенің жобасында берілсін деген Республикадан ұсыныс келді. Соған байланысты екі біздің ардагеріміз қалған, екі ардагерімізге 1 млн теңгеден аударып бердік. Ал жаңағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген біздің 593адам . Ол азаматтарға біз қазір 30мың теңгеден аударып бердік.
Иә, уақыт өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз қатары сиреп барады. Сондықтан да бейбіт өмір сыйлауға күш-жігерін арнаған бұл азаматтарға қанша құрмет көрсетсек те жарасары сөзсіз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу