Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті.

Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, су тасуы мүмкін деп айтылған Шардара су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ. Қазіргі сәтте Мақтаарал және Жетісай ауданында жалпы көлемі – 7649 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Осыған байланысты геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді Е. Нысанбаев.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығына келтірілген шығындар толықтай есептелуде.Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Н.Бадырақовтың айтуынша егіншілер жылдың екінші жартысында да дақылдарын қайта өсіру мүмкін емес дейді.Егін шаруашылығымен күн көріп отырған кәсіпкерлердің жалпы шығыны 3 млрдқа жуық. Өтемақы мәселесі үкіметтік комиссияға ұсынылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу