Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » МОБИЛЬДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНДЕ

МОБИЛЬДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНДЕ

Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді.

– Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталық менеджерлері өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, сосын кәсіпорын базасында өткізілетін «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқуға жазады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» жобасына қатыса алады», — дейді Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов.

Ағымдағы жылдың 14 наурызы мен 11 мамыры аралығында орталықтарға 13 119 адам кеңес алуға өтініш білдірген. Олардың 332-і жұмысқа орналасуға жіберіліп, 215-і ресми жұмысқа орналастырылған.

Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 14 мамырдан бастап мобильді жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті. Жұмыс кестесі — 10-00-ден 18-00-ге дейін.

Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының мекен-жайлары және байланыс телефондары:

1) Айна базары — 8 708 777 95 17,

2) Қырғы базары- 8 708 777 95 12,

3) Автонұр базары- 8 708 777 95 21,

4) Алаш базары- 8 708 777 95 20,

5) Самал базары- 8 708 777 95 19,

6) Атлант СО — 8 708 777 95 18,

7) Hyperhouse СО — 8 708 777 95 16,

8) ХҚКО (орталық) стадион — 8 708 777 95 15,

9) Орталық саябақ — 8 708 777 95 14,

10) Әл-Фараби алаңы- 8 708 777 95 13.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу