Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КІРЕБЕРІС КӨПІР ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

КІРЕБЕРІС КӨПІР ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Бұл туралы бүгін Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады.
– Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқыладым. Қалаға кіреберіс ерекше, заманауи мегаполиске кіріп келе жатқаныңды сездіретіндей болу керек деп есептеймін.
Сонымен қатар, Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда.

Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының екі жағынан да арналар орнатылуда. Жауын-шашын кезінде жауын суы сол арналарға құйылады да, жолды су басу болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ, деп атап өтті қала басшысы.

Жалпы, қаланың кіреберіс аймағы бұл қалаға келушілерге алғашқы әсер қалдырады. Осы орайда, мұндай заманауи өзгеріс үшінші мегаполистің ажаииын одан әрі аша түспек.

Ал, жауын-шашын кезінде қаланың кейбір көшелерін су басып жататыны белгілі. Әкімнің су арналарын ретке келтіру жүйесі өте орынды болмақ.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу