Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ НАЗАРДА ҰСТАЙЫҚ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ НАЗАРДА ҰСТАЙЫҚ

Елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі. Қалада қауіптің беті әлі де сейіле қойған жоқ.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Соңғы тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша). Бүгінде қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.

Осы орайда, сақтық шараларын барынша қатаң ұстау халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті.

Санитарлық талаптарды мұқият орындаған жағдайда ғана қауіпті инфекцияның алдын алу болады.

Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу