Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді (19.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым -қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.05.20 жылы Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.
Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.
© DIDARBEK.kz