Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева БАҚм-мен өткізілген брифингте әсіресе, биылғы жылғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және оларды жұмыспен қамтылуы аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын ақпарат майталмандарын құлағдар етті.
Ж.Арысбекқызының айтуынша, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысынының 1-тармақшасында көрсетілген санаттағы балаларға жазғы демалыс лагерлеріне жолдамалар алып беру көзделген.
Шымкент қаласында 2020 жылы жалпыға міндетті білім беру қорынан қала сыртындағы жазғы демалыс лагерлеріне 6041 балаға жолдама алып беру жоспарланған. Ол үшін ЖБ 184 млн. 849 мың теңге қаралған. Қазіргі таңда, жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама сатып алу конкурсы жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 1200 бала «Ақсу» лагеріне жіберу жоспарланып, жазғы демалыс аймағын дайындау жұмыстары жүргізілуде. ҚРБжҒМ тарапынан ұсынылған жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамту және даму картасына сәйкес іс-шаралар күндізгі және онлайн форматта өткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын жеткізді.
© DIDARBEK.kz