Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТОҚТАТЫЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай тоқтатылды. Бірақ карантин кезеңі жалғасады. Себебі қауіпті вирус толығымен жойылған жоқ. 12-ші мамырдан бастап қаладағы барлық базарлар жұмыс істейді. Көптеген кәсіпкерлік нысандар іске қосылады. Осы айдың 25-не дейін жалғасатын шектеу мен жеңілдіктерді қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде баяндады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Мамыр айының 12-нен бастап қала ішіндегі блок бекеттер ашылады. Алайда қала сыртындағы өңіраралық бекеттер жұмысын қатаң тәртіппен  жалғастыра береді. Себебі  ішкі санитарлық ақуал біршама реттелгенмен сырттан келетін қауіп жоғары.  Сонымен қатар мегаполистегі көлікпен мал базарынан басқа барлық базарлар мен аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын сауда орталықтары жұмысын бастайды. Десек те осы айдың 25-не дейін жалғасатын карантин тәртібі бойынша шектеу шеңберіндегі бизнес нысандар баршылық.

Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: Көптеген мәдени отбасылық спорттық басқа да массовый іс-шаралардың барлығына шектеу қойылған. Одан кейін ойын-сауық орындарының барлығына шектеу қойылған. кинотеатр, театр көрмелер діни нысандардың барлығына шектеу қойылған. Қалада жұмыс істейтін осы қаулымен жұмыс істейтін нысандардың барлығына 10:00 мен 18:00 ге дейін рұқсат берілген.

Өз жұмысын бастайтын негізгі салалар медицина, Халыққа қызмет көрсету, техникалық байқау, сақтандыру   орталықтары. Бұлардың барлығы санитарлық нормаларды сақтай отырып іске кіріседі. Ал ойын — сауық орталықтарында балар ойнайтын алаңдар, қоғамдық тамақтану, кинотеатрлар жұмысына тиым салынған.  Бүгінгі таңда Шымкентте каронавирус белгісімен  233 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін 130 науқас дертінен айығып 5 адам қауіпті дерттен көз жұмды. Сондықтан сақтансаң сақ боласыңды назардан шығармау керек –дейді қаланың бас санитары.

Әбдіманап Төлебаев – Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы: Әлдеде болса қауіп сейілген жоқ қауіп жетеді. Жауаптылықпен сол жұмыстарға өзімізді бағыттасақ. Әр отбасы өзінің қауіпсіздігін сақтау керек. Бір жүйеге келіп қалдық осыны сақтау керекпіз.

Баспасөз брифингіндегі жағымды жаңалық карантин кезінде жаяу қалған тұрғындардың уайымы сейілді.  Мамыр айының 12-нен бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктер жұмысын бастайды. Тасымал компаниялар сақтық шараларына басымдық береді. Бетіңізде маска болмаса автобустарға кіре алмайсыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу