Шымкент қаласында карантин кезінде орын алған қылмыстар саны едәуір азайған. Құқықбұзушылық 39,3 пайызға төмендеген. Қылмыстар саны былтыр 2311 болса, биыл 1290 істі құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1021 іске азайған. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,2 % төмендеген, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабаеваның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қылмыс саны күрт азайғанының себебін әркім әр түрлі болжайды. Бірақ, бір анық нәрсе бар. 2020 жылдың 16 наурызынан 11 мамырға дейін жарияланған карантин уақытында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қатаң талаптар қойылып, полиция қызметерлеріне жүктелген жауапкершілік артты. Қала аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған дер кезінде заңды шешім қабылдау мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылды. Басты себеп осы… Нәтижесінде, ұрлық бойынша көрсеткіш бірден 61,0% пайызға азайып отыр. Тонау фактілері 70,0 % кеміген. «Полиция департаменті қызметкерлері алдағы уақытта да қылмыс санының азаюына бар күшін салатын болады», — деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов.
© DIDARBEK.kz