Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛАДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну арқылы 3760 жұмыс орын сақталады. 940 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.  Ал,  жұмыспен қамту бағдарламарын жүзеге асыру нәтижесінде 15 233 адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру бойынша 12 200 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Басқосуда төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жобасы талқыланды.  Бұл бастамамен қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков  таныстырды.

Береке Дүйсебеков – Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Жобада дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін анықтап, аталған кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және жаңа кәсіпорындар құру үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несиелер беру. Кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру. Жұмыс орындарын сақтау және құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау. Микроқаржы ұйымы мен «Бизнес үшін үкімет» орталығын құру және кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Дағдарыстан өту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық қамту сынды қолдау шаралары қарастырылған.

«Шымкент қаласында заңға сәйкес Әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен Микроқаржы ұйымы құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастыруға тиісті қаражат бөлінуі керек. Сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлерді өңірлік бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемесі төмен несиемен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлу қарастырылу қажет. Сондай-ақ, дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындарды және жаңа кәсіпорындарды ашуға бағытталған жобаларды 4% пайыздан аспайтын несиемен қаржылай қолдау көрсетілсін. Жаңа Өңірлік бағдарламасының жобасы, ережесі, шарттары әзірленіп кәсіпкерлерге ұсынылсын»,-деді М.Әйтенов.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу