Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Енді азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бармай ақ құжаттарын egov.kz, telegram, facebook әлеуметтік желілері арқылы рәсімдей алады. Бұл адамдардың көптеп жиналуын болдырмау және вирусты жұқтыру қаупін мейлінше төмендетеді. Бастысы уақытын үнемдейді. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында барлығы 3 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Азаматтар онда бірқатар қызметтермен қатар   көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруларына болады. Сондай-ақ   орталықта  уақытыңызды брондау үшін egov.kz немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы кезек ала-аласыз. Егер алдын-ала брондамасаңыз ешқандайда қызмет көрсетілмейді.

Мақсат Алтаев–Қаратау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы: Қазір көрсетіп ж.рген қызметтеріміздің 80 пайызы электронды форматқа ауысып кетті. Түрлі анықтамалар, жәрдемақыларға құжаттар, қажетті қызметтердің кейбір түрлерін, т.б., электронды түрде алуға болады. Бұл қызметтер egov.kz порталында бар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу