Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПОЛИЦЕЙЛЕР 48 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН АШТЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР 48 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН АШТЫ

Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты. Арнайы ұйымдастырылған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үй тонау фактісі бойынша қылмыстарды тіркеді. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында рейдтік шаралар барысын көбейтуде..

Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген  жоспар бойынша жұмыс істеді. Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 50-ге жуық пәтер ұрлығы ашылып отыр. Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Қалада пәтер ұрлығы жиі орын алатыны белгілі. Қаншама тұрғын оңай олжа тапқысы келген ұрылардың әрекетінен көптеген шығынға ұшырап жатады. Сондықтан да, пәтер иелерінің мүмкіндігінше пәтерге бейнебақылау орнатып, сапалы кілт орнатып, барынша сақтық шараларын қолданған дұрыс.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу