Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЗАРЛАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАЙ МА?

БАЗАРЛАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАЙ МА?

Базарларда қалың халық, қызу сауда жүргізуде. Бірақ, санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл өз кезегінде аты жаман індеттің таралуына тосқауыл болады. Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық әкімдігі мониторинг жүргізіп, жалпыға ортақ міндеттің орындалу барысын бағамдап қайтты.

Халық арасында «Крытый рынк» аталған «Жабық базарда» бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Сатып алушысын тапқан орталықта халықтың нөпірі үзілмегендіктен санитарлық талапта сәйкесінше сақталуы тиіс. Базар басшылығы талапты қатаң сақтап отырмыз дейді.

Жергілікті атқарушы биліктің бұған дейінде сауда орталықтарын аралап, талаптың орындалу барысын пысықтап жүргенін айтқанбыз. Бұл жолы да ауданға қарасты 13 базардың біріне атбасын бұрды. Жағдайды көзбен көріп, танысқан жауаптылар тәртіп бұзушылықты байқады. Ауызша ескерту жасап, шектелді. Жедел олқылықты орнына келтірген сатушылар өз қатесін түсінді.

Үшінші мегаполис тұрғындарының талапты орындау тәртібі қанағаттанарлық жағдайда. Бірі санитарлық талапты орындап, өз қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмайды. Енді бірі қарапайым медициналық маскасын таққысы келмейді. Салдарынан коронавирус жұқтырды деген азаматтар саны артпаса кемімей отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу