Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕР КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ДЕР КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Толассыз жауынның салдарынан қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан Елтай елді мекеніне көп мөлшерде су келіп, нәтижесінде арық жүйесі істен шығып үйлердің аулаларын және көшелерді су басты. Тез арада авариялық-құтқару жұмыстарын және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау үшін Шымкент қаласы ТЖД күштер мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сөндіруші және құтқарушылар күндіз-түні тынбай қызмет атқаруда. Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Елтай ауылы Найзатас көшесі бойында су шығару жұмыстарын жүргізу барысында көшенің ортасында қалып қойып, қатты аққан судан өте алмай тұрған қарт әжені байқап қалады, тез арада көмекке келіп әжені судан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізу үшін жеңіл автокөлікке отырғызады. Судың ағысы өте қатты болатын. Дер кезінде келіп көмек қолын созған өрт сөндірушілеріміздің жедел әрекетінің арқасында әжеміздің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнген жоқ.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникация тобы

Пікір жазу