Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЗА ТАПҚАН ӨРТ СӨНДІРУШІНІҢ ОТБАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЗА ТАПҚАН ӨРТ СӨНДІРУШІНІҢ ОТБАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы А. Бейсембаев пен мамандандырылған жасақ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Тәукеев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Жұлдызбек Есеналиевтің отбасына барып қайтты. Жұлдызбек Тұрарұлы Есеналиев 2014 жылғы 1 қаңтарда «Planta» ЖШС нысанында орын алған өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын.
Бұл кездесуде Аманбек Алтынбекұлы Бейсембаев мерекемен құттықтап, өз ізгі тілектерін білдірді, бейбітшілік, амандық тіледі. Әріптестерінің атынан сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасы құтқарушыларға еске алғандары, қамқорлықтары мен көңілдері үшін алғыс айтып, қиын жұмыста табыс тіледі. Өз кезегінде қаза тапқан адамның отбасы құтқарушыларға естелік, қамқорлық пен назар салғаны үшін алғыс айтып, қиын жұмыстарында табыс тіледі. Шымкенттік өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қаза болған қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөледі. Қызметтік парызын орындай отырып, қаза тапқандардың жақындарымен кездесу игі дәстүрге айналдырған.

Шымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ» ММ
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу