Шымкенттік өрт сөндірушілер Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтау үшін ардагерлердің отбасында болып, ардагердің хал-жағдайын біліп, мерекемен құттықтап қайтты. Бүгінде жеңіс туын желбіретіп, елге оралған майдангерлерден арамызда санаулысы ғана қалып отыр.
Ұлы Жеңіс күні оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отан ел үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын-байрақ, намысын найза еткен жандардың қаһармандығының арқасында біз осы бейбіт өмірге қол жеткіздік.
Осындай жандардың бірі қаламыздың тұрғыны Смайлова Арзам апамыз. 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен мамандандырылған жасақ қызметкерлері ардагерімізді құттықтау үшін арнайы барды. Арзам Смайлова сұрапыл соғыс жылдарындағы бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Естеліктер жинағын көрсетті. Ал өрт сөндірушілер ардагерімізге өзінің сый-сияпатын табыстады, апамыздың батасын алды.
Б. Әбілқасым, Шымкент қаласы мамандандырылған
жасақ инженері азаматтық қорғау лейтенанты