Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде «Адал жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы онлайн сұхбат өтті. Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасов Ержан қатысты. Сұхбатта жолаушылар және жүк теміржол көлігінде біршама жаңа енгізулер жасалғаны сөз болды.
Айта кетсек, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін, теміржол көлігінде билеттерді сатудың жаңа тәсілі енгізілді. Осыған сәйкес азаматтар жол жүру билеттерін электронды сатып ала алады. Бұл тәсіл билеттерді сатып алу кезінде қашықтықты қамтамасыз етуге бағытталғанын айта кетті. Сондай-ақ билеттерді сатып алу процесстерін автоматтандыруға және электронды сату үлесін арттыруға бағытталған шаралар қосымша негізін таппақ. Олардың ішінде мобильді сатылым сайттарды жаңарту, терминалдарды көбейту, электронды билеттерді көбейту болып табылатынын айта кетті. Бұл процесстің оңтайлы жері қазіргі індеттен аулақ болу қашықтықта жұмыс жасауды үйретуде, деп атап өтті.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті