Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨСІМ БАР

ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨСІМ БАР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Қаратау төтенше жағдайының бастығы, азаматтық қорғау майоры Тасқараев  Еркебұлан Кеңесбекұлының қатысуымен  онлайн сұхбат өтті.

Сұхбатта Қаратау ауданы бойынша қысқаша мәлімдеме қалдырды. Қазіргі таңда  аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетіп, жалпы 2451 объект есепке алынғандығын айтты. 2020 жылдың 1 жарты жылдығына жоспарланған 145 объект бойынша тексеру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы №229 Жарысына сәйкес кіші және шағын кәсіпкерлікті босату бойынша 94 объект тексерістен босатылды, оның 51-і тексеріліп, 39-ына шара көріліп, ӘҚБ бойынша хаттамалар толтырылып, ескертулер жасалып, жалпы соммасы 291 610 теңгеге лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылғаны жайында хабарлады.

2019 жылы Өрт жайында біршама сипаттама беріп өтті. Нақтырақ айтқанда 2019 жылмен салыстырғанда, өсім бар екенін айтты. Негізгі мониторинг жүргізу барысында Шымкент қаласы бойынша Қайнар бұлақ, Қайтпас-1, Қайтпас-2 елді-мекендерінде көптеп кездесетінін атап кетті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу