Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫҢ САҚТАЛУ БАРЫСЫ

КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫҢ САҚТАЛУ БАРЫСЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде карантиндік шаралардың сақталу барысы жөнінде Шымкент қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Сүлейменов Ерғали Сыбанқұлұлымен онлайн сұхбат өтті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін полиция қызметкерлері қатаң тәртіпті сақтай отырып, тәулік бойы қызмет етуде. Жұмыс барысында қызметкерлер арнайы құрал-жабдықтармен, планшеттер және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Осы қызметке жалпы 1961 жеке құрама қызметтері және 226 арнайы автокөліктер тартылған. Қалаға кіру-шығу бойынша 18 бұғаттау бекеттері қойылды. Оған 492 қызметкер жұмылдырылды. Арнайы планшет берілгендігі жөнінде және одан қалаға кіру, шығуы рұқсаты бар азаматтар ғана өткізілді. Жұмыс барысында 130804 автокөлік тексеріліп, оның ішінде 56624-іне рұқсат берілмей, 74183 автокөліктің рұқсат қағазы арқылы өткізгендігін баяндады.

Індет анықталған жерде полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылап отыратындығын айта өтті. Төтенше жағдай кезінде режимді бұзған азаматтар, әкімшілік жауапқа тартылды. Нақтырақ айтқанда 1298 құқық бұзу анықталды. Олардың 742 әкімшілік сотпен шешіліп, 101 тұлға қамауға алынып, 148 тұлғаға айыппұл салынып, 493 тұлғаға ескерту шарасы қолданылған.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу