Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы сұхбат берді.

Спикер Береке Талғатұлының айтуынша төтеше жағдай кезінде кәсіәпкерлерді қолдауға бірнеше шаралар қолға алынып, іске асырылуда.

Шымкент қаласы әкімдігі және кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, дағдарысқа қарсы шаралардың жобасы әзірленіп, 10 басымдықтан тұратын антикризистік шара іске қосылған. Біріншіден,  осы дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен кәсіпкерлерлік субъектілерін анықтап алу. Екінші кезекте ең көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне өзінің қызметін ары қарай қалыпқа келтіру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несие беру.

Үшінші кезекте кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру шаралары жүргізіледі. Төртінші, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алуда негізгі басымдықты осы отандық тауар өндрушілерге береді. Сол арқылы  кәсіпкерлерді ынталандырып, олардың өндірісін қайта жандандыруға мүмкіндік беру. Бесіншіден, бұл «егістіктен — дүкен сөрелеріне дейін» қағидасымен кооперация құру болып табылады. Бұдан бөлек алтыншы бағыт — бұл микроқаржы ұйымын құру алға қойылып отыр. жетіншіден, әрекеттегі кәсіпкерлер үшін жұмыс орындарын сақтап қалу . Кадрларды қайта даярлау. Тағы айта кететіні, кәсіпкерлер үшін «бір терезе» қағидасымен барлық қызмет түрлерін көрсетіп, бизнеске арналған үкімет жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында қала көлемінде сауда нүктелерін кәсіпкерлерге ұсынылатын болады.  Ал,  кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау мәселесі де жоба аясынан тыс қалмаған.

Қәзіргі таңда қала бойынша 700-ден аса кәсіпкер бар. Сұхбат барысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. 50-ден аса кәсіпкерлердің қаржысын қайта қаржыландыру іс-шарасын жоспар қойып отқандығымен бөлісті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу