Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАЗАЛЫҚ. АДАЛДЫҚ. ПАРАСАТТЫЛЫҚ

ТАЗАЛЫҚ. АДАЛДЫҚ. ПАРАСАТТЫЛЫҚ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Парасат басқармасының басшысы Дулатова Гүлбахыт Сәрсенбекқызы онлайн сұхбат берді.

Сұхбатта төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту жағдайында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесі  сөз болды.

Ұстаздар қашықтықтан оқыту барысына алдын ала дайындалып, қашықтықтан сессияның бағдарламасын жасап, қажетті материалдық-техникалық базасы толықтырылды. Профессор, оқытушылар құрамы әдістемелік тұрғыдан дайындалды. Осыған дейін сабақ оқыту бір бөлек, қашықтықта оқыту бір бөлек екені белгілі. Осы орайда, министрлік және жалпылама сипаттағы жүргізілген барлық тарапынан вебинардан қалмай, біліктілігін арттырды. Білім алушыларды қашықтықтан білім алуда ешқандай моральдық тұрғыдан зардап шекпес үшін алдын ала сессия дайындығында стресс тест өткізілді. Стресс тест толықтыра кетсек, студенттер қобалжымас үшін бір уақытта 2000-ға жуық студент өзінің алдын ала тестін өткізеді. Бұл емтиханға түрлі себептермен, яғни балалы болып тұрмыс жағдайларында қатыса алмайтын студенттердің бағасы, алдыңғы 2 емтиханың қорытындысымен шығарылатындығы жайында атап өтті. Ол әсіресе Мақтарал ауданының тұрғындарына осындай шешімге келдік. Сессияға 13600-ден астам студент қатысты. Білім алушының мамандығына және курсына байланысты сессия кезең-кезеңімен өткізіледі. Қашықтық жағдайында жұмыс ұялы телефондары арқылы студенттер өздерінің өтініштерін, сұрақтарын қоя алады. Сонымен қатар, білім алушылардың ата-аналарымен ұдайы байланыста болатындығы айтылды.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу