Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СТАТИСТИКА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

СТАТИСТИКА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы Статистика Департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі уәкілі Жабаева Меруерт Болатқызы онлайн сұхбат берді

Сұхбат барысында әр жылдың соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрінің бұйрығымен келесі есептік жылға статистикалық жұмыс жоспары бекітілетініні жайында мағлұмат берді. 2020 жылдың арнайы статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының статистика департаменті бойынша статистикалық нысананың жалпы саны 143-ті құрайтынын, мұның ішінде барлық айлық, жылдық, тоқсандық нысандар кіретінін айтты.

Төтенше жағдайға байланысты статистикалық деректерді  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тәртіпке байланысты оны электронды түрде, яғни онлайн жүзінде немесе қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы. Статистикалық есептер онлайн режиміне көшкен соң, осы бойынша кеңестер беріліп жатқандығын хабарлайды. Қаңтар айынан 20-мамырға дейінгі кезеңді алатын болсақ, бүгінде респондеттер тарапынан қабылданған статистикалық есептің сандарының саны 122 655 құрайды деп айта кетті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу