Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы ішкі аудит департаментінің басшысының орынбасары Тастемір Ұланбек Қуанышбекұлы онлайн сұхбат берді.

Спикер сұхбат барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруережелеріне енгізілген өзгерістер жөнінде біршама баяндады. Ережеге 2019 жылдың 5-мамырында өзгерістер енгізіліп, 1-шілдесінен бастап күшіне енді. Атап айтқанда, қаржылық тұрақтылық принципі көрсетіліп отыр. Бұл әлеуметтік өнім беруші мемлекеттік сатып алу конкурсына өз өтінішін ұсыну барысында, оның қаржылық тұрақтылығын мемлекеттік кірістер комитетінің  ақпараттық желісіне автоматты түрде анықталады. Сонымен қатар, автоматты анықталудың 4 параметрлерін атап көрсетті. Біріншіден төленген салықтардың мөлшері. Ол әлеуметтік өнім берушінің табысы 3 % кем болмауы тиіс. Екінші кірістер мөлшері. Соңғы 3 жылдағы кірісін мемлекеттік сатып алуға бөлінген соммасы 1-ден 2 бөлігі құрылуы керек. Үшінші негізгі құралдардың болуы. Соңғы 3 жылдағы негізгі құралдардың құны сатып алуға бөлінген сомманың кемінде 1-ден 15 бөлігі құралуы керек. Төртінші еңбекақы төлеу мөлшері. Әлеуметтік өнім берушінің қызметтерінің соңғы 3 жылдағы жалақысы. Мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомманы 1-ден 5 бөлігін құрауы жөнінде түсініктер беріп өтті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу