Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде «КазАгроҚаржы» АҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалының директоры Күлсінбаев Бақытжан Күлсінбайұлы онлайн сұхбат беріп өтті.
Жалпы, «КазАгроҚаржы» АҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалы 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Филиал негізінен шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және жеке шаруашылық серіктестері мен акционерлік қоғамдарына қызмет көрсетеді. Шаруа қожалықтарын қаржыландыру мәселесіне тоқталып, берілетін техникалар Қазақстанда жасалғандығын атап өтті. Оның ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 1-сәуірден бастап Қазақстанда жасалған «КазАгроХолдингі», «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 6 %-бен техникаларды 10 жылға бере бастады. Қарастырылған жеңілдіктері негізгі салық 1 жылда 1-реттен төленеді. Сыйақысы 3 айда 1-реттен төленеді. Бұл техникаларға тракторлар, Камаз түрлері, комбайн түрлері жатады. Қосымша шаруа қожалықтары көршілес мемлекеттерден, шет елдерден техника ала алатынын айтып кетті. Басқа да қарастырылған өздерінің программасы жайында шолып өтті. Олар: экспресс лизинг, мастер лизинг, сенімді фермер программалары жайында сипаттама қалдырды.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті