Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ЕШКІМДІ ДЕ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙДЫ

АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ЕШКІМДІ ДЕ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙДЫ

Өткен жылдар өшпес ізін қалдырған қаншама уақыт, қаншама ғасыр өтсе де қарапайым халықтың басынан өткен атаулы оқиғалар тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қала бермек. Соның бірі, қазақ елі баз кешіп, соғыс өрті шарпыған отты жылдар еді. Биыл сол сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл толып отыр.
Осы Жеңіске өз үлесін қосқан қарт майдангерлеріміздің бірі- Төрегелді Зорбанов. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста небәрі 15 жастағы жасөспірім бала еді. Алғашында тылда еңбек еткен ол 1944 жылы майданға аттанады, 180-ші полктің, қолбасшы Ракосовскийдің қарамағында Беларусь жерін жаудан азат етуге қатысып, 1945 жылдың наурыз айында жараланып, госпитальге түседі. Ардагер көпен күткен жеңісті сол жерде қарсы алды. Соғыс аяқталғанан кейінгі жылдарда да Тибилисідің ортлағында әскери бөлімде қызмет атқарады. Елге тек 1950 жылы оралғаннан кейін ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Отбасын құрып, 5 ұл және 4 қызды тәрбиелеп өсірді. Қазіргі кезде 95 жастағы қарт майдангеріміздің 39 немере, 32 шөбересі бар. Ардагерімізді Жеңіс күнімен Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімнің ұжымы құттықтады.
Ардагерлерін ардақтаған ел ешкімді де ешқашан ұмытпайды. Олар сонысымен де ардақты, құрметті!

Шымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ» ММ
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу