Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АГРОСЕКТОР БАҒЫТЫН ЦИФРЛАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

АГРОСЕКТОР БАҒЫТЫН ЦИФРЛАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде экономикада негізінен құрылымдық өзгерістер қажет екені айтылды. Азаматтардың табысын арттыру, бизнесті қолдау және оны дамытуда жүйелі шаралар қолға алынбақ.

Соның бірі – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қоймаларда дұрыс сақтау, оның инфрақұрылымын жасау өте өзекті. Елімізде 2 миллионға жуық тұрғында қосалқы шаруашылық бары айтылды. Міне, ауыл шаруашылығы өнімдері далада қалмас үшін оны қайта өңдеуге бет бұруымыз керек. Бұл орайда агросекторды цифрлық технологиямен толық қамтамасыз ету мәселесін шешіп алу тиімді.

Бұл тұрғыда Президент Қ.Тоқаев: «Бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас толығымен цифрлық форматқа, яғни қарым-қатынассыз жүйеге көшеді. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет алудың процестерінің бәрін цифрландыру жұмысы аяқталады. Экономика мен қоғамды цифрландыру процестерінің бәріне жаңа серпін берудің маңызы зор», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономиканың өсімін қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл реформалар ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне септігіне тиетініне сенім мол.

Марат СЕЙДАХМЕТОВ,

М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к.

Пікір жазу