Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ

АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ

Шымкентте жуық арада нөсер жауын күтілмейді. Себебі қаламызда тиісті жаңбыр мөлшері осы айда жауып біткен. Осылай деген белгілі жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбаев биыл аймақтағы шаруалардың астығы мол болатынын айтады. Бірақ, бұл болжам бүкіл облысқа қатысты емес. Өкінішке орай, өңірдің кей аумағында қуаңшылық орын алуы мүмкін, деп жазады «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Үкібасованың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Көктем басталғалы нөсер жаңбырдан көз ашпаған Шымкентте енді біраз уақыт жауын болмайды. Бұл белгілі жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбаевтың пікірі. Аспан әлемін бақылап, ауа-райын болжаушы шаһарда тиісті жауын мөлшері бір айдың ішінде жауып біткенін айтады. Осыдан кейін Шымкент пен өңірдің таулы аймақтарында астық мол болмақ.

Нұрғабыл Қозыбаев, жұлдызшы: «Біз ай туғанда ауа-райына қарап сол айдың күн райын болжаймыз. Мәселен, осы жолы ай туғанда күн жауын-шашынды болған еді. Соған қарап бір айдың ылғалды болатынын түсіндік. Жалпы, биыл Шымкент қаласында күн райы жауынды болды. Келесі жылы да солай күтілуде».

Ал, Шымкенттегі ала бұлтты күн 24 маусымда күрт жылынбақ. Жұлдызшы сөзінше жаңбыр тек 5 маусымда сіркіреп өтуі ықтимал. Ал, 20 маусымнан соң нағыз ыстық басталады екен. Жаздың аптабы тек 20 тамызда аяқталмақ. Осыдан кейін басталған күз биыл ұзаққа созылуы мүмкін.

Нұрғабыл Қозыбаев,  жұлдызшы: «Алдағы ай жауын-шашынды болмайды. Биыл жаз әдеттегідей ыстық болады. Ал, күз мезгілі ерте басталып, ұзаққа созылуы мүмкін. Қыс кеш басталады. Және мүлдем суық болмайды».

Айта кетейік, Шымкентте алдағы жыл да нөсер жауынды болмақ. Бірақ, биылғыдай жаңбыр жаумайтыны анық. Жұлдызшының сөзінше осы жылдағы жауын мөлшері тек 8 жылда қайталанады екен. Қыс мезгілі де енді бұрынғыдай болмайды. Себебі жыл өткен сайын жаһан жылынып келеді. Температураның көтерілуіне автокөліктер 80 пайыз үлес қосса, зауыттар 20 пайыз әсерін тигізеді екен.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу