Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 283 897 ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНДІ

283 897 ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНДІ

Төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бұдан бөлек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. маска таратылды.

Республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға — 994,7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Айта кетейік, еліміз бойынша 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін құжаттарын бірнеше, яғни 42500.enbek.kz, egov.kz, телеграмм бот арқылы әр өңір бойынша өтінім қалдыру жөнінде онлайн платформалар арқылы тапсыру қарастырылған болатын.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу