Төтенше жағдай жойылғаннан кейін Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру тәртібі Қазақстандықтардың мерзімі өткен жеке құжаттарының қолданыс мерзімі 2 айға ұзартылды.
Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) уақытылы қайта рәсімдеуге мүмкіндігі болмады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысына сәйкес елде төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар күші жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн бойы жарамды саналатын болды.
Яғни, жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартылды және Қазақстан азаматтары қызмет, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қолданылу мерзімдері өткен құжаттармен (жаңасын алғанша) жүгіне алады.
Қазір халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қалдануда.
Атап айтқанда, зейнеткерлік жастағы адамдарды, көпбалалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтар құрылып, құжаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Жеке басты куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін ешқандай әкімшілік шарасыз жүзеге асырылады.
©Шымкент Қаласының Полиция Департаменті