Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БІР АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

БІР АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бірқатар тапсырмаларды іске асыру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Таяуда күнгейлік жұртшылық рухани жаңарудан бұрын, ең алдымен, қоғамдық сананы жаңғырту, яғни оны тазалықтан бастау қажеттігін ескеріп, облыс көлемінде арнайы сенбілік ұйымдастырды.

34 мыңға жуық адам мен 250-ден астам техника жұмылдырылған шарада 915,8 шқ. көше бойлары мен 391,15 шқ. жаяу жүргіншілер жолы, 196 840 ш.м. үй іргелік аулалар, 146, шқ. көпір мен өзен, каналдар, сондай-ақ, 4 046 шқ. ирригация жүйелері реттелді. Тазарып қалған нысандардың ішінде алаңшалар мен саябақтар да бар. Нақтырақ айтқанда, 110 дана балалар алаңшасы мен 81 спорт алаңшасы, 63,8 га саябақ, 22,1 га сквер, 455 дана көп қабатты үй аулалары жиналып, тазаланды. Мұнан бөлек, 19 389 ағаш пен 201 аялдама әктеліп, қажеттілері сырланды.

Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында аудан, қалалардың елді мекендер аумақтарында 2017 жылдың 21 тамызынан – 21 қыркүйек аралығында санитарлық тазалық айын жариялау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес алғашқы сенбіліктер бірқатар ауданда өткізіле бастады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу