Үшінші мегаполистің Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев бүгін қаладағы коронавирус инфекциясына қатысты ахуалды баяндады. Брифингте коронавирус індетін жұқтырған науқастар мен қаладағы COVID-19 инфекциясының алдын алу шаралары айтылды.
– Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырға COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. 732 жағдайдың 22-і сырттан келіп тіркелген (13-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 1 жолаушы Польшадан ұшып келген, 8-і Ресей Федерациясынан келген, оның ішінде 7-і адам жұмыс істеп жүргендер және 1 студент), 286-ы – жергілікті тұрғындар, 424-і қарым-қатынаста болғандар.
Барлығы 3895 қарым-қатынаста болған адам анықталып, медициналық бақылауға алынды, бүгінгі күні – 2067-і карантиннен алынды, — деді Ә.Төлебаев.
Стационардан емделіп шыққандар – 228, оның ішінде 1-і Түркістан облысының тұрғыны, қайтыс болғандар — 6, оның ішінде 1-і Түркістан облысының тұрғыны, стационарлық ем қабылдап жатқандар саны — 500.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылығы 24 мамырда № 18 «Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы» Қаулысына сәйкес, алдағы уақытта бірқатар нысандар өз жұмысын қайта бастайды. Тек олар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақталуы тиіс.
Сонымен қатар бүгінгі таңда қала аумағында 16 мобильді топ жұмыс атқарып келеді. Олар бүгінге дейін 5000-нан астам объектіге мониторинг жұмыстарын жүргізген.
©Азамат ЖАППАР