Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ауданға қатысты көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі Қаратау ауданындағы Таскен тұрғын алабында болып, ондағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелердің құрылысын аралап көрді.
Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жол құрылысымен «Азрет-жол құрылыс» ЖШС айналысуда.
Барлық талаптарға сай салынып жатқан құрылыс алаңын аудан әкімі өз көзімен көріп, жұмыс жүргізіп жатқан мердігерге ең бастысы сапаға мықтап көңіл бөлуді тапсырды.
Әрине сапалы салынған жолдың тұрғындарға ұзақ жылдар бойы қызмет ететіні белгілі.
Жалпы, Қаратау ауданы жаңа аудан екені белгілі. Осыған қарамастан аудан көркі күннен -күнге көркейіп, ажарланып келеді.
Аудан әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында саябақ, гүлзарларды көөбейтіп қана қоймай, қазылған көшелерді қалпына келтіріп, талап етілген аумаққа асфальт жолдарды салу жұмыстарын бастап та кеткен. Биыл аудан бойынша 60 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда.
© DIDARBEK.kz