Әр аптаның сейсенбі күндері әдеттегідей білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауда әсіресе түйіндемесін қолына алып, мұғалім болуды мақсат еткендер мен үйде бала күтімімен отырып қалған бірқатар нәзік жандылар қарасы көп болды.Сонымен қатар, орта арнаулы білім беретін колледждерге оқуға түсу туралы нақты ақпарат алуды көздеген аналардың өтініштері де тыңдалды.
Алдына келген әрбір азаматтың көкейіндегі сұрақтарын мұқият тыңдап, олардың тілек, өтініштерін жан-жақты тыңдаған басқарма басшысы Ж.Арысбекқызы оның шешу тетіктерін қарастырды.
Басқарма басшысы тиісті бөлім басшылары мен сала мамандарына азаматтардың өзекті сұрақтарын саралап, шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, әр аптаның сейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Басқарма басшысы Ж. Тәжиева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар бас ұстазға өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
© DIDARBEK.kz