Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРНЕШЕ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

БІРНЕШЕ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қазіргі таңда Төлеби ауданы  Зертас ауылдық округінде әлеуметтік — экономикалық дамуына ықпалын тигізетін бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі — ЖК «Жанузаков Б» кіші май цехы. Аталған цехта 8 адам тұрақты жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта тәулігіне 700 литр сұйық май, 3 тонна мал азығын өңдеп шығарады. Ағымдағы жылдың күз мезгілінде өнімділікті арттырып, тәулігіне 5 тонна сұйық май, 20 тонна мал азығын өңдеу жоспарлануда.

Сонымен қатар округте ЖК «Мамырбекова А» сүт және мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Алаңда 36 бас сауынды сиырдан тәулігіне 380 литр сүтті «Сайрам сүт» ЖШС-не өткізіп, бес азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, елді мекенде ЖК «Анафияев Ж» жылыжайы жұмыс жасап тұр. Жылыжайда диқан бірінші маусымға қияр отырғызған. Бүгінгі таңда 750 кг қияр дүкендерге өткізіп, елді мекенді дайын өніммен қамтамасыз етіп отыр. Ал, екінші маусымға қызанақ егуді жоспарлауда. Қуантарлығы, мұнда 6 азамат маусымдық жұмыспен қамтылған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу