Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда. Аталған бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі «Жубаев» шаруа қожалығы 6 га жерге қарбыз, қызанақ, қияр дақылдарын еккен. Тамыз айында дақылдар алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Айта кетері, егістікте 2-ші өнімге күздік картоп егу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар округтегі «Сенбек» шаруа қожалығында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 8 га егістікке ноқат дақылы егілген. Ноқат дақылы өнімін жиналғаннан кейін 2-ші өнімге күздік картоп егілетін болады. Көксәйекте айтпай кетуге болмайтын бір керемет жоба бар. «Керемет Агро Груп» ЖШС-гі жалпы 75 гектарга қарқынды бау өсіріп отыр.

Серіктестік 2020 жылдың сәуір айында бауға 21 мың түп «Гала» сортты алма көшеттерін отырғызып, күтіп-баптаумен айналысуда. Өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі қоданылады. Қазіргі таңда 40 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу