Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨТКЕНДІ БІЛМЕЙ, АЛҒА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ

ӨТКЕНДІ БІЛМЕЙ, АЛҒА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ

Рас, өткенді білмей, алға қадам басу жоқ. Бүгінгі ұрпақ тарихымызда ақтаңдақ із қалдырған озбырлы оқиғаларды ұмытпай, олардан сабақ алуы тиіс. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталғанымен, жүректі азалы еткен жара жазылған жоқ. Менің әкем де жалған жаланың құрбанына айналып, мерт болды.

Дәуренбек Құрманбеков – 1898 жылы қазіргі Отырар ауданы туған. 1930-1937 жылдары Түркістан астық қабылдау, шөп дайындау мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. Небәрі қырық жасында солақай саясаттың кесірінен ғұмыры үзілді.

Бір жұбанарымыз, олардың бертін келе ақталғандығы. Оңтүстік Қазақстан облысы соты президиумының 1956 жылғы 18 тамыздағы Қаулысымен танысқан адам ақиқатқа көз жеткізгендей болады. Иә, әкеммен бірге шәуілдірлік Молдабеков Мәулен, Бисенов Махан, Аралов Молтай, Сеитбеков Әмірдің істері сот өндірісінен қысқарып, ақталып шығады.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін жауапты мекемелердің рұқсатымен әкемнің құжаттарымен танысып, көптеген деректер таптық.

Біз әкеміздің және оның жолдастарының ерлігін, еткен еңбегін ұрпаққа өнеге етеміз. Ендігі бар тілегіміз – еліміздің амандығы. Ұрпағымыз мұндай зұлмат пен қиянат көрмесін ешқашан.

Мамыт ДӘУРЕНБЕКҰЛЫ,
Ұлы Отан Соғысы және еңбек ардагері

Пікір жазу