Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БІРҚАТАР НЫСАНДАР ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

БІРҚАТАР НЫСАНДАР ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.

Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады.

– Шымкентте биылғы жылдың 1, 4 және 11 мамыр күндері 3 кезең бойынша 6 912 нысан іске қосылып, 166 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріскен болатын. Ал төртінші кезең бойынша 1 маусымнан бастап 2 095 орта және шағын бизнес нысандары қайта іске қосылады. Яғни, 33 мыңнан астам жұмысшы өз ісіне кіріседі деген сөз – деді қала әкімінің орынбасары.

Осы ретте 1 маусымнан бастап рұқсат етілген нысандарды атап өтсек:

1. Азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын супермаркеттер, гипермаркеттер және сауда желілері жұмыс режимі сағат 21:00-ге дейін ұзартуымен;

2. Қоғамдық тамақтану орындары және жазғы алаңдар 50 адамға дейін сағат 06:00-ден 21:00 аралығында (құдалық, туған күн, мерей тойлар және т.б. мерекелік шараларды атқарусыз) 1 320 нысан (15 мың адам);

3. Жаттығу залы, фитнес-орталықтар, сауналар, SPA-салондар, жеке кабиналары бар моншалар. Жұмыс режимі – сағат 21:00-ге дейін, 95 нысан (600 адам);

4. Автокөлік және мал сататын базарлар, 4 нысан (50 адам);

5. Көрермендердің қатысуынсыз спорттық және мәдени нысандар, 88 нысан (1,7 мың адам);

6. Білім беру орталықтары, үйірмелер, дайындық топтары (15 адамға дейін ғана қабылдау арқылы), 59 нысан (2 мың адам);

7. Халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режимінде;

8. Жанар-жағармай станциялары жанындағы дүкендер;

9. Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар (20 баладан аспайтын) және Теміржол қатынастары қалпына келтіріліп, қалааралық блокпосттар алынады.

 

© Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Сурет авторы: С.Қосаев

Пікір жазу