Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп тұтынушыларды қоғамдық қабылдауды өткізеді.
Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылғы 2 маусымда сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін facebook әлеуметтік желісіндегі Департамент басшысының парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/darhan.kainberdiev?epa=SEARCH_BOX.
Осыған байланысты, Департамент Шымкент қаласы тұрғындарын және басқада мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қатысуға шақырады.
Сонымен қатар әр адам өз сұрақтарын осы хабарламаның астына қалдыруына болады. Тікелей эфир барысында осы сұрақтарға жауап берілетін болады.
Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7252) 32-15-05.
© DIDARBEK.kz