Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА БАС ИІП, ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ

НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА БАС ИІП, ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

31 мамыр — Елбасымыздың Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленген.
Миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған қаралы кезеңді ел ұмытпақ емес. Зұлматты кезеңге куә болған адамдар, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған азаматтардың ұрпақтары да бүгінгі Тәуелсіздігімізге тәубешілік етіп отыр.
Тағдырлары тар қапаста үзілген жандардың саны қисапсыз. 1921-1940 жылдары «революцияға қарсы және ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыстары үшін» қазақстанда 3 миллион 80 мың 574 адам сотталса, соның ішінде 1937-1938 жылдары 1 миллион 344 мың адам лагерьлерге қамалып, олардың 600 мыңы өлім жазасына кесіліпті. Біздің қаламыздың азаматтары да бұл тізімдерде бар.
Мың өліп, мың тіріліп жүріп Тәуелсіздік алғаннан кейін осындай жаңа заманға жетті.
Мемлекет басшысы үндеуінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырма берді. Ол өзіміздің тарихта болған оқиғалардың барлығын орын орынымен қоюға ықпал ететіні сөзсіз.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту біздің басты міндетіміз.
Мәңгілік Еліміз барда, аз ғұмырында азаттықты армандаған арыстарымыздың рухы – өшпесі анық. Нәубет құрбандарының рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ұрпақтарына ұзақ та ғибратты ғұмыр тілейміз! Тарихтан тәлім алып, жаңа заманға нық қадам басқан тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, бірлігі бекем болсын!

Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

Пікір жазу