Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Бірінші болып аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Нұрманбетовтің «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты ұйымдастыру» және «Шаян елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау (реконструкция) бойынша әзірленіп жатқан жобалық сметалық құжаттаманы толықтыруға арналған қадамдық іс-шара жоспарының орындалуы» туралы есепті хабарламалары тыңдалды. Хабарлама тыңдалғаннан кейін аудан басшысы елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін, аудандағы барлық елді мекендерде үнемі сенбіліктер ұйымдастырып, жол бойындағы ескірген аялдамаларды бұзуды тапсырды. Сонымен қатар Шаян ауылындағы ауыз су ақпай жатқан көшелердегі тұрғын үйлерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, есебін алып, су есептігіш құрылғысы бар, жоғын анықтап, жоқтарына қойдырту, тоқтаусыз ауыз су беруді тапсырды.


Сондай-ақ жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Досалиевтің «Аудан аумағында тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға жаңа пошта индекстері мен QR-code көше аншлагтарын орналастыру бойынша әзірленген қадамдық іс-шара жоспарының орындалуы туралы», Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Ахметовтің «Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электронды картаға енгізу (бөліп көрсетілген түрдегі: суармалы, егістік, жайылымдық, шабындық т.б) бойынша әзірленген қадамдық іс-шара жоспарының орындалуы туралы», Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Құлымбеттің «Аудандағы жалпы орта мектептердегі ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының барысы туралы» хабарламалары тыңдалды.
Мәжілісте аудан басшысы күн тәртібіндегі орындалмай жатқан бірқатар мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне нақты тапсырма жүктеп, орындауды тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу