Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен салынып жатқан «Асар-2» шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді.

Мұрат Дүйсенбекұлы сонымен қатар, «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағын аудандарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап шықты.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының қандай сапада жүргізіліп жатқанын бақылап, мердігерлерге жұмысты жандандыруды және құрылыста отандық материалдарды пайдалануды міндеттеді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін кешеуілдетпей тез шешуді тапсырды.

Жалпы мегаполисте биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «7-20-25» бағдарламасымен, барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы бір миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп отыр.
Ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7561 пәтер пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу