Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданында әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудандық партия өкілдері, су тасқынынан зардап шеккен ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдары мен аудандық әкімдіктің идеология бөлімінің басшылары мен мамандары қатысты.

Отырыс барысында сөз алған облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтемақыларын тездетіп төлеу, бүгінгі жай-күйін жақсарту, тұрғын үй салу кезіндегі қиындықтарын еңсеру, Өргебас, Фирдауси ауылдарындағы қалыпқа келтіру жұмыстарына қолдау білдіру жөніндегі жұмыстарды ширату қажеттігіне тоқталды.

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтемақыларын төлеу жұмыстарына білікті мамандардың тарту керектігін, халықпен тығыз байланыс орнату, түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Мұнан соң арнайы топ Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен бойы көтеріп жатыр. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынуда. «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев сондағы құрылысшылармен тілдесіп, олардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Қазіргі таңда жаңа мөлтек ауданда 188 үйдің іргетасы құйылып, 73-інде қабырға көтеру жұмыстары, ал екі үйдің шатыры жабылуда. Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде.Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу