Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын толық оқып шықтым. Оқи отыра, мен осындай дархан даласы бар тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма шексіз бақытты екендігімді сезіне түстім.
Президент өз мақаласында қазақ елінің біртұтастығы мен мызғымас достығына ерекше мән беріп, қашанда достығы мығым ел екендігімізді тағы да айшықтап берді. Мақаланың мардымдылығы сол — этносаралық келісім-ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторына басымдық беріп көрсеткен. Осының арқасында «ұлттық азшылық» ұғымы жоқ деп білеміз. Қазақстандағы этнос өкілдері бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық этностар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқының кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымағын білдіреді. Осы үшін біз шаттанып, туған отанымызды мақтан етеміз.
Яша Идирисов,
Түркістан облысы түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі.