Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА

Қазақ xалқы үшін XX ғасырдың ең ауыр кайғысы атанған Сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа тосылды. Алаш қозғалысына белсенді түрде атсалысқан қазақ зиялыларының көпшілігі концлагерлерге айдалды, атылғандары да қаншама. Куғыннан аман қалғандарына «Халық жауы», «Шпион» деген аттар тағылып, өмір сүру мүмкіндігінен айырды.

Баспасөз беттеріне шолу жасасақ, Сталиндік куғын-сүргін құрбандарының саны — 40 миллионға жеткені айтылып келеді. Дегенмен нақты есеп емес дегенде айтылып жүр. Қазақстанды да бұл қасірет айналып өтпегені аян, сотсыз, тергеусіз, жазықсыз жандарды жазалау сапында негізінен қаламгерлер, баспасөз иелері болғанын білеміз…

Бүгінде жандарын шүберекке түйіп, бастарын оққа байлаған арыстарымыздың армандаған Тәуелсіз мемелекетінде өмір сүрудеміз. Тариxта аттары алтын әріппен жазылған кешегі Алаш азаматтарының, оның ішінде «Үлкен террордың құрбандары» болған азаматтардың есімдерін жас ұрпақ ұмытпауы тиіс.


Гүлсара Тоққұлова,
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

жанындағы Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы.

Пікір жазу