Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР ЖАДЫМЫЗДА

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР ЖАДЫМЫЗДА

«Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымыздың қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!» Тура осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі…

Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Біз бүгін басып жүрген топыраққа ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамып келген.
Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек.

Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды мәңгі есімізде сақтап, құрметтейміз. Біз оларды 31-мамырда ғана еске алып қоймауымыз керек, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын жазықсыз жапа шеккендердің есімдері санамызда сақталып, жадымызда жатталуы тиіс. Біз әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның арқасында қаншалықты бақытты өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.


Дүйсенкүл Жамболова,
Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы

жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Пікір жазу