Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҒЫН СУ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

АҒЫН СУ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Келес өзенінен бастау алатын – Шошым каналынан бүгінгі таңда Келес ауданы аумағындағы 1100 га егінді жер суғарылады. Аталған каналдың басы көрші Сарыағаш ауданында орналасып 15,5 шақырымы сол ауданның аумағыннан өтіп, Келес ауданы еншісіне 11,5 шақырымы өткен. Аталған каналдың жалпы ұзындығы – 27 шақырымды құрайды.

Осы кезеңге дейін Шошым каналынан су алатын шаруалар ағын судың толық келмейтіндігін алға тартып, аудан әкіміне уәждерін жеткізген болатын. Мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеген аудан басшысы Ақментай Есбаевтың өзі Сарыағаш ауданының басшылығымен келісімге келіп, көрші аудан аумағындағы 15 шақырымнан аса аумақты механикалық тазалаудан өткізуге келісілді. Бүгінгі таңда атлаған жұмыстың 90 пайызы аяқталуға таяу.

Ал Келес ауданы аумағындағы 11,5 шақырымын биылғы жылы механикалық тазалаудан өткізуге сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу конкурсына қойылды. Аталған канал өткен жылы да механикалық тазалаудан өтіп, каналдың басы тазаланбағандықтан канал лайға толып қалуда еді. Тағы қосымша айта кететіні Келес ауданы аумағына кіре беріс тұстағы айналма 1 шақырымды құрайтын аталған каналдың айналма бөлігі жабылып, канал арнасы түзулендірілді. Осылайша мәселе біртіндеп шешімін тауып, Шошым каналынан су алатын шаруалар диқаншылықпен еркін айналысуда.

 Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу