Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында Төлеби ауданы әкімінің «2020 жылғы жазғы шомылу кезеңінде су айдындарында аудан халқын суда шомылу қауіпсіздігін сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы» 27.05.2020 жылғы №132 өкіміне сәйкес аудан аумағындағы су нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда ауылдық округтерде және тисті мекемелердің басшылары жоспарға сай су айдындарында ересектер мен балалар өліміне жол бермеу шараларын қамтамасыз етуде.
Алайда, су айдындарына тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын сақтамау адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет.
Өз өміріңізді аман сақтап қалу үшін суда шомылудың қауіпсіздік шараларын білген жөн:
— Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
© Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі