Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен 1 шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып жүрген жерінен тапты. Табылған сиырларды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды. Ал, жәбірленуші болса малдарын тауып берген Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінің кәсібилігіне, жеделділігіне ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Арыс АПБ-нің қызметкерлері де тұрғынның қорадан жоғалған екі қойын тауып берді. Арыс АПБ-не жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалар оның қорасына заңсыз кіріп, әрқайсысы 25 000 теңге тұратын екі қозысын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұрланған қойларды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға бар-жоғы анықталуда. Күдікті ер азамат қамауға алынды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үй малдарына сақ болу керектігін ескертеді. Төрт-түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мал ұрлықтары қараусыз қалған малдармен орын алады. Одан бөлек, қара-жайларыңызды берік материалдармен бекітіңіздер.
©️ DIDARBEK.kz