Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: «Нұр Әлем» павильоны

ЭКСПО – 2017: «Нұр Әлем» павильоны

«Нұр Әлем» – Астана ЭКСПО – 2017 Көрмесінің архитектуралық символына айналған Көрме кешенінің орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат болмақ. Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алатындай, ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасады. Сфераның өзінде Болашақ мұражайы жайғаспақ. Нұр Әлем қарапайым мұражайдан артық, ол Көрме өткеннен кейін өз бетінше инновациялық хаб әрі манызды зерттеу және мәдени орталыққа айналуы тиіс. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика — қуат көздерінің негізгі түрлері көрсетілетін, Болашақ мұражайының 2-8 қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерді қабылдау мүмкіндігі сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында нығая түседі. Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл ЭКСПО ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады. Кіреберістің алдында Көрме келушілері жиналатын Басты алаң орналасқан. Әлем бойынша алғашқы «толық сфера» түріндегі ғимаратта құрылым бірегейлігі жатыр. Құрылымның қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы қарастырылған.

EXPO – 2017

Пікір жазу